Р.Блейк соңғы жылдары көптеген салада АҚШ-Қазақстан ынтымақтастығын дамыту барынша жемісті болғанын атап өтті. Мемлекетаралық қатынастар мейлінше жоғары сапалы деңгейге көтерілді. ҚР Мемлекеттік хатшысы сыртқы саяси мәселелердегі стратегиялық серіктестіктің орнықты сипатын, экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың серпінді дамып отырғанын айтты. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қозғалды. Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына қолдау көрсетудің маңыздылығына айрықша назар аударылды.