Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үндістан, Швейцария мемлекеттеріне жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілері Ерлан Әлімбаев пен Әлібек Бақаевты қабылдады. Мемлекет басшысы Ерлан Әлімбаевқа Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты нығайтуды, сондай-ақ, туристік бағыттағы байланысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, Алтын Орданың 750 жылдығына және басқа да айтулы шараларға басымдық беру керектігін атап айтты. Ал Әлібек Бақаевқа Швейцариямен осыған дейін қалыптасқан саяси, сауда-экономикалық қатынасты жаңа деңгейге көтеру тапсырылды.