National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

2020 жылғы 29 желтоқсан

Мемлекет басшысына Жоғарғы Палатаның биылғы заң шығару қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Сенат Спикері Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мәселелерді іске асыруды қамтасыз етуге бағытталған заңдардың қабылданғанына тоқталды. Атап айтқанда, жаңа «Экологиялық кодекс», «Техникалық реттеу туралы туралы» заң, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған. Мәулен Әшімбаев аталған құжаттардың барлығы еліміздің әлеумет-экономикалық дамуын, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырту және экономикалық даму бағдарламаларының жалғасатынын, басқа салалар бойынша да ауқымды жұмыстардың атқарылатынын айтып, Сенатқа аталған бағыттарды заңмен қамтамасыз етуді тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің