National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан мен Швейцария Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

2019 жылғы 22 қараша

Кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Швейцарияның екіжақты байланыстарының мәні зор екенін айтты.

– Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуда зор маңызға ие болатынына сенімдімін. Бұл ынтымақтастық кең қанат жайып, өркендеп келеді, сондай-ақ, экономикалық және саяси салалардағы өзара тиімді байланыстардың қарқынын арттыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан маңызды үлесіне тоқталып, серіктестіктің дәстүрлі негізі жалғаса беретінін атап өтті.

– Біз бүгін халықаралық ықпалдастықтың маңызды мәселелерін талқыладық, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі проблемалар жөніндегі мемлекеттеріміздің ұстанымы ортақ екеніне көз жеткіздік. Швейцарияны маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Сондықтан осы ынтымақтастығымыздың даму қарқынын сақтауымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті.  

Ули Маурер өңірдегі экономикалық және саяси байланыстарды дамыту ісіндегі Қазақстанның негізгі рөліне назар аударды.

– Қазақстан біз үшін саяси әрі экономикалық тұрғыдан Азия мен Еуропа арасын жалғастырушы көпір саналады. Сіздердің елдеріңіздің әлемдегі және халықаралық қоғамдастықтағы рөлі артып келеді. Біз Азия мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарды шынайы, ашық және тікелей талқылай алатын, сондай-ақ, құрлықтар арасындағы өзара ықпалдастықты қамтамасыз етуге, экономикалық қатынастарды нығайтуға бірлесе үлес қосатын Қазақстан сияқты серіктесіміздің бар екеніне қуаныштымыз, – деді Швейцария Президенті.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, түрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, қаржылық қызмет көрсету секторындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту және екі ел арасындағы өзара іс-қимылдардың мүмкіндігін арттыру үшін Ули Маурер сапарының мәні зор екенін айтты.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің