National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қабылдады

2013 жылғы 13 ақпан

 

А.Мусин Қазақстан Президентін Есеп комитетінің 2012 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары,  мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне бақылау жасау, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты пайдалану нәтижелері туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, кездесу кезінде Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды жоғары қаржылық бақылау органының орындауы туралы баяндады.

Бұған қоса, А.Мусин Мемлекет басшысына жергілікті бюджеттердің тиімді атқарылуын бағалау жөніндегі Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері, сондай-ақ трансферттер мен инвестициялар түрінде өңірлерге түсетін республикалық бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.      


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің