Кездесуде облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және таяу кезеңдегі даму перспективалары қарастырылды. Б.Бақауов Қазақстан Президентіне өңірдегі өнеркәсіптің өсу қарқыны, оның ішінде кен өндіру, металлургия және энергетика салаларындағы ахуал жөнінде баяндады. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы жерлерін суаратын ирригациялық нысандарды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.