Қ.Сұлтанов Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару жұмысының бірқатар бағыттары және негізгі заң жобаларының қаралу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қ.Сұлтановты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және бұдан арғы жұмысына табыс тіледі.