National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады

2014 жылғы 11 желтоқсан

 

Кездесу барысында Н.Бордюжа Қазақстан Президентіне Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Мәскеуде өтетін кезекті сессиясына дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде Ұйымға мүше барлық мемлекеттер бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер мен қауіптер және ахуалдың өрістеуіне ықпалын тигізер теріс үрдістерді азайту үшін қабылдануы қажет шаралар талқыланды.

Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайдың қарқынды өзгеруіне байланысты ҰҚШҰ алдына қойылуы мүмкін міндеттерге назар аударды.

– Ауғанстаннан коалиция күштерінің шығарылуы күтілуде, «Ислам мемлекетімен» байланысты жаңа қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда Ұйым ахуалды игеретін, болжайтын, қажетті ұжымдық шараларды қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірлейтін талдамалық орталыққа айналуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Н.Бордюжа ҰҚШҰ қызметінің биылғы қорытындылары туралы әңгімелеп, әскери ынтымақтастық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің