Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және ұйымды одан әрі институционалдық дамыту үдерісінің басты аспектілері талқыланды. Сондай-ақ, әңгіме барысында биылғы күзде Минск қаласында өткізу жоспарланып отырған ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық мәселелері қарастырылды.