National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті

2015 жылғы 02 қараша

 

Қазақстан Президенті Дж.Керридің біздің елге және осы өңірге алғашқы сапармен келгеніне ризашылық білдірді.

Таяуда мен Нью-Йоркте АҚШ Президенті Барак Обамамен кездестім, екіжақты ықпалдастық мәселелері жөнінде сөйлестік. Біздің республикамыз желтоқсанда 24 жылдығы тойланатын тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бері Сіздің елмен ынтымақтасып келеді, егемендігіміз бен экономикамыздың дамуына ұдайы көрсетіліп келе жатқан қолдау үшін Қазақстан халқы риза. Бүгінде елімізде америкалық капиталдың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Біз осы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ ядролық қарусыздану және таратпау мәселесі бойынша да ынтымақтасып отырғанын айтты. Осыған байланысты Б.Обаманың бұл бағыттағы бастамаларына Мемлекет басшысы қолдау білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Б.Обаманың Нью-Йоркте өткен ядролық қаруды таратпау, қарулы экстремизмге қарсы іс-қимыл, Ауғанстандағы жағдай және ДАИШ топтарына қарсы күрес мәселелері талқыланған келіссөздерінің  қорытындысын АҚШ Мемлекеттік хатшысы жоғары бағалайтынын атап өтті.  

Сонымен қатар, Дж.Керри Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз серіктестігі Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне елеулі ықпал ететініне сенім білдірді.

АҚШ расында да Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Бүгін мен Америка сауда палатасының Қазақстандағы өкілдерімен кездестім. Олар өздерінің Сіздің елде қол жеткізген табысына қанағаттанатындарын білдірді, – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің