Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар республиканың алдында тұрған таяу кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық міндеттер жөнінде сөз қозғалды. Бұдан бөлек, О.Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.