National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевпен кездесу

2013 жылғы 28 қараша

 

Е.Досаев министрліктің биылғы 10 айдағы қызметі қорытындылары және Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Ол аталған кезеңде еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 5,8 % болғанын, ал жыл қорытындысында болжамды 6 %-дық көрсеткішке қол жеткізу күтіліп отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті ел экономикасын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, әлеуметтік жаңғырту жүргізу, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігін атап көрсетті.

Министр мемлекеттік және салалалық бағдарламаларға, олардың қайталануын жоюға және тиімділігін арттыруға бағытталған тексерісті аяқтау қорытындылары жөнінде ведомство жоспарлаған шаралар туралы да айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің