National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоны қабылдады

2016 жылғы 25 сәуір

 

Кездесу барысында Қазақстан-Испания ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ екі елдің бірлескен жұмысының перспективалы салалары қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің өзара іс-қимылын нығайтуға оң ықпал етіп отырған Қазақстан мен Испанияның стратегиялық серіктестігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы теміржол машиналарын жасау, мұнай-газ, коммуникация және құрылыс салаларында бірқатар бірлескен жобалар бар екенін, олар ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге елеулі негіз болып отырғанын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің