National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қабылдады

2016 жылғы 27 қазан

Кездесуде Қ.Бишімбаев Елбасыға Қазақстанның биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мен экономиканы қолдаудың негізгі тетігі болып отырған «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті экономикалық даму қарқынын одан әрі жеделдету, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, экономиканы қолдау және басты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бюджет пен ұлттық қордан бөлінетін қаражатты ұтымды әрі тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударды.

Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында 2016 жылғы 9 айда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 0,4%-ға өскенін атап өтті.

– Құрылыс және көлік саласы, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы экономика өсімінің негізгі қозғаушы күші (драйвері) болып саналады. Көлемнің артуы құрылыста – 6,9%, ауыл шаруашылығында – 4,9%, көлік саласында – 4%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,6% болып отыр. Сонымен бірге металлургия мен фармацевтика өнімдерінің, азық-түлік пен мұнай өңдеу өндірісінің мөлшері артқаны байқалады, – деді Қ.Бишімбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші институционалдық реформаның орындалу барысы жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің