National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақовты қабылдады

2016 жылғы 11 мамыр

 

Т.Донақов таяуда құрылған министрлік қызметінің осы аралықтағы нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесінің қазіргі ахуалы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті «Ұлт жоспары» аясындағы кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.

Т.Донақов биылғы бірінші тоқсанда министрлікті ұйымдастыру кезеңі аяқталғанын, оның орталық және өңірлік деңгейдегі құрылымы айқындалғанын айтты. Министрлік бәсекеге қабілетті кадрлар құрамынан жасақталды және қойылған міндеттерді орындауға дайын.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің