National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

2019 жылғы 24 наурыз

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылдаған шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына агенттіктің мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстары және мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің