National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

2017 жылғы 01 сәуір

Кездесуде К.Мәсімов Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шараларды атқарып жатқанын баяндады.

Қазақстан Президенті алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» көрмесімен қатар әлемдік деңгейдегі басқа да ауқымды шаралар өтетінін еске салды.

– Биыл бірқатар халықаралық іс-шаралар болады. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, парламент мүшелері, сондай-ақ шет елдерден және өз елімізден туристер көптеп келеді деп жоспарланып отыр. Осыған орай, сол іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет. Ең алдымен қауіпсіздік мәселесіне назар аудару керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы басқа елдерде болып жатқан террорлық актілерге тоқталып, ондай жайттарға жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүргізу, соның ішінде шет елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл орнату қажеттігін айтты.

К.Мәсімов Елбасыға мұндай ауқымдағы іс-шараның қауіпсіз өтуі, сондай-ақ терроризммен және діни экстремизммен күрес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, басқа да құқық қорғау органдарының ұдайы бақылауында болатыны жөнінде мәлімдеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің