Н.Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.