National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

2014 жылғы 05 тамыз

 

Кездесу барысында Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы трансформация бағдарламасына әзірлік барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» отандық экономика акцияларының ірі иеленушісі болып саналатынын атап өтті.

– Барлық мемлекеттік өндірістік компаниялар қордың қарамағында, ал оның міндеті – солардың корпоративтік басқарылуын жақсарту және активтердің құнын арттыру. Өткен жаһандық дағдарыс кезеңінде банктерді қолдау жөнінде елеулі жұмыс атқарылды және қорға олардың акционерлерінің құрамына кіруге тура келді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» банк капиталынан шықты, енді ол өндірістік компанияларға инвестиция тарту, жаңа өнім түрлерін игеру, жаңа технологиялар енгізуді қамтитын өзінің негізгі қызметімен айналысуға ден қоюы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ө.Шөкеев қорды трансформациялау бағдарламасының басымдығы бар төрт бағыты айқындалғанын атап өтті. Олар: корпоративтік басқару; стандарттау және бизнес-үдерістерді оңтайландыру;  басқару мен бизнес-шешімдердің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау; барлық компаниялар тобында жұмысты үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі уақытта аталған бағдарламаны әзірлеу жұмысы аяқталуға таяу. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасын ресми түрде бастап беретін халықаралық форум өткізу жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің