Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қордың даму көрсеткіштері жөнінде мәлімделді. Сондай-ақ, Ө.Шөкеев Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қарауындағы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты. Бүгінде Қордың сатуға қойылған 217 активінің 120 нысаны баланстан шығарылған. – Екінші тізімдегі нысандардың 70%-ы іске асырылып, бірінші тізімнің 11 ірі нысаны жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. Елбасы бірінші кезекте Қазақстанда Сингапурдың «Темасек» қорының моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойылғанына тоқталып, осыған байланысты «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын трансформациялауды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.