Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы екі ел арасында тәуелсіздік жағдайындағы жақсы қарым-қатынас орныққанын атап өтті. Біз Польшада атқарылып жатқан істерге зор құрметпен қараймыз. Сіздің ел Еуропадағы даму қарқыны жөнінен көшбасшы елдің бірі болып саналады. Біз Варшавамен жақын саяси қарым-қатынаста болғымыз келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында поляк көшбасшысы А.Дудамен кездескенін еске алды. Сол кездесу барысында Польша Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен келуге шақырған болатын. Бұл біздің жақсы достық қарым-қатынастымызды одан әрі тереңдете түсудің жаңа мүмкіндігіне айналады деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде С.Карчевский екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Польша басшылығы Қазақстан Президентінің Варшаваға сапарын күтіп отырғанын атап өтті.