National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Грузияның Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады

2014 жылғы 12 қараша

 

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды.  

Мемлекет басшысы елдеріміз арасындағы қарым-қатынас өзара тиімді дәстүрлі серіктестіктің негізінде дамып келе жатқанын айтты.

– Қазақстан Грузиямен әрдайым жақсы қатынаста болды. Біздің екіжақты байланыстарымыз тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыды. Біз Грузиямен ынтымақтастықты барлық бағытта, саясатта да, экономикада да бұдан әрі нығайта беруге дайынбыз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға екі елдің өзара ықпалдастығын арттыру және кеңейту үшін келгенін айтты.

– Бұл менің Сіздің елге Премьер-Министр ретінде келген алғашқы ресми сапарым. Қазақстан бізге дос әрі өте жақын мемлекет болып саналады. Қазақстанға, оның халқына біздің елде әрдайым айрықша ілтипатпен қарайды. Мен экономикалық, саяси және сауда қарым-қатынастарымыз алдағы уақытта да тереңдей береді деп үміттенемін, – деді И.Гарибашвили.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің