Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика, транзит-көлік және өзге де салалардағы кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Нарендра Моди өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі арттыру және оның аясы кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.
Біз 1991 жылы өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық, оның алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Үндістанмен жақын әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға ұмтылып келді. Мен сауда саласындағы және саясаттағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін Сіздің сапарыңыздан зор үміт күтемін. Бүгінде Қазақстан – Үндістанның өңірдегі ең ірі серіктесі. Өзара ықпалдастықты одан әрі өрістету үшін де зор перспективалар бар, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаевқа Үндістан Премьер-министрі жылы шырайлы қабылдауы үшін алғыс айтып, сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Н.Моди 1,2 миллиард адамнан асатын Үндістан халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты өткен туған күнімен құттықтап, Қазақстан Президентінің көреген саясатының бүкіл ел халқына игілік әкелетініне сенім білдірді.