Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар сөз болды. Қазақстан Президенті Пәкістанның жүйелі дамуындағы Н.Шарифтің атқарған рөлін атап көрсетті. Сіз күрделі жағдайда елде экономикалық және саяси реформаларды табысты іске асырып, Пәкістанның беделі мен рөлін көтеретін белсенді халықаралық саясат жүргізіп отырсыз. Қазақстан мен Пәкістан орналасқан өңірдің елдері өзара сауда және мәдени қарым-қатынастар тұрғысынан әрдайым тығыз байланысты болды. Ілгеріде Сіз біздің бұрынғы астанамыз Алматыға келген болатынсыз. Содан бергі аз уақыт ішінде біз жаңа елорда салдық, оны бүкіл қазақстандықтар мақтан тұтады. Бұл қала – біздің тәуелсіздігіміз бен еліміз егемендік жылдарында жеткен жетістіктердің символы, – деді Мемлекет басшысы. Н.Шариф Нұрсұлтан Назарбаевқа шақыртуы үшін алғыс айтып, екі халықтың байланыстарының сан ғасырлық тарихы бар екенін атап өтті. Мен Сіздің көшбасшылық қасиетіңізге тәнтімін және Сізді ерекше қабілет иесі деп есептеймін. Бүгінде Астанадан біздің көретіндеріміздің бәрі – Сіздің еңбегіңіз, – деді Пәкістан Премьер-министрі.