Кездесуде Мемлекет басшысына білім беру мекемесінің жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп, университеттің құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспарлары жөнінде баяндалды. Елбасыға «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесі 7 жылдағы өз жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының үздік тәжірибесін қабылдағаны, сондай-ақ оқу орнында болашағынан үміт күттіретін ең дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қағидаты енгізілгені мәлімделді. Биыл «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің үшінші түлектері оқуды тәмамдайды.