Елбасы кездесу барысында Қазақстан ғылымын одан әрі дамыту және жас ғалымдарға қолдау көрсету үшін тиісті жағдай жасау қажеттігіне ерекше назар аударды. – «Назарбаев Университеті» әлемге танымал болды. Сіздің басшылығыңызбен мыңнан астам студент оқуын ойдағыдай аяқтады. Біз университетті дамыту ісінде көп нәрсеге қол жеткіздік. Алайда, жас дарындарға одан әрі қолдау білдіру үшін шаралар қарастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы базасында түрлі стартап жобаларды, әсіресе ІТ-технологиялар мен «жасыл» экономиканы дамыту саласындағы жобаларды әзірлеу және оларды іске асыру барысында жас ғалымдар үшін зор мүмкіндік туатынын атап өтті. Шигео Катсу Мемлекет басшысына «Назарбаев Университетін» және еліміздің жалпы ғылыми әлеуетін дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.