National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті

2014 жылғы 24 қараша

 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды. Машина жасау, энергетика, медицина және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы да әңгімеге арқау болды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Чехияны зор әлеуетке ие дәстүрлі қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

– Көптеген әлемдік оқиғалардың дамуына қатысты біздің елдеріміздің көзқарасы ортақ. Чехия біз үшін Еуропадағы маңызды сауда серіктес болып саналады әрі соңғы жылдары экономикалық қатынастардың қарқыны өсіп келе жатқаны байқалады. Қазақстанда 70-тен астам бірлескен кәсіпорын, мәселен, «Шкода» автомобильдерін құрастыру өндірісі жұмыс істейді. 2005 жылдан бері 15 мың автомобиль құрастырылды, ал келесі жылы 8 мың көлік шығару жоспарлануда. Жалпы алғанда, бізде қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға, соның ішінде үкіметаралық комиссияны жандандыру арқылы дамытуға көп мүмкіндік бар, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Чехия Президентінің осы сапары және оның аясында өткен келіссөздер өзара байланыстарға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді.

М.Земан өз кезегінде ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ өзінің Қазақстанға, стратегиялық маңызы бар өңірде орналасқан елге келгенін атап өтті.

– Қазіргі кезде жаңа Жібек жолының әлеуетін ашу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз Сіздің елдің қазіргі дамуына ғана емес, оның әлеуетіне де Орталық Азиядағы маңызды орын алатынын ескере отырып баға береміз, – деді Чехия Республикасының Президенті.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің