National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

2015 жылғы 16 сәуір

 

Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі нығайту, байланыстардың кең ауқымы бойынша өзара ықпалдастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету жолдарын қараcтырды.

Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады.  

Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық және бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Сіздің басшылығыңызбен Түркия соңғы 12 жылда зор табыстарға жетті. Ол экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемде 16-орында, бұл – бүкіл халықтың еңбегі және Сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесі. Сізбен бірге үлкен делегация келді, олар бүгін екіжақты бизнес форумға қатысады. Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Р.Ердоған Қазақстан Президентіне былтыр Түркияға сапармен келіп, инаугурация рәсіміне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

– Әлемдегі күрделі экономикалық ахуал жағдайында Қазақстан қарқынды дамып, елеулі табыстарға жетуде. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ мұнда таяуда президенттік сайлау өтеді. Мен Сізге зор табыс тілеймін, – деді Түркия Президенті. 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің