National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы ТМД және ШЫҰ елдері прокуратуралары басшыларымен кездесті

2015 жылғы 27 тамыз

 

Прокуратура басшылары Астанаға Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-отырысына және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттер бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-отырысына қатысу үшін келді.

Кездесуде ШЫҰ және ТМД аясында заңдылықты, қауіпсіздікті және өңірдегі тұрақтылықты сақтаудың маңызды мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы ТМД елдері прокуратураларының өзара іс-қимылын күшейтудің қажеттігін атап айтты.


Сіздер осы форматта 20 жылға жуық уақыт бойы кездесулер өткізіп келесіздер, ал 15 жыл бұрын ТМД-ның халықаралық органы мәртебесіне ие болдыңыздар.  Әрбір отырыс арқылы қарым-қатынасты нығайта түстіңіздер. Сонымен қатар, 2001 жылдан бері Шанхай ынтымақтастығы ұйымы жұмыс істейді, ол халықаралық аренада елеулі күшке айналды. Соңғы отырыста ұйымға жаңа мүшелер қабылдау жөнінде шешім қабылданды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Бұл орайда Қазақстан Президенті терроризммен және экстремизммен, сондай-ақ трансұлттық қылмыстың өзге де түрлерімен күрес мәселелері бойынша бірлескен тиімді қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталып,  бұл сұхбат прокурорлардың өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.

Мемлекет басшысы осындай кездесулер заң үстемдігін және ШЫҰ, ТМД елдері аумағында қылмысқа қарсы бірлескен күресті күшейтуге септігін тигізеді деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу барысында Бас прокурор А.Дауылбаев Қазақстан Президентіне ұйымға бақылаушы елдер – Үндістан, Ауғанстан және Беларусь ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорлары отырысының нәтижелері туралы баяндады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің