Тараптар инновациялық технологиялар саласында жұмыс жүргізетін компанияның Қазақстанда бастаған қызметінің перспективасын талқылады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына өнеркәсіп саласында қолдануға арналған әзірлемелер таныстырылды. Б.Хамилтон компанияның мамандарды өз тәжірибелері негізінде оқытуды жолға қою арқылы Қазақстандағы инновациялық дамуға қолдау көрсетуге ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға әзір екенін атап көрсетті.