Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың тиімді дамып келе жатқанын, біздің еліміз экономикалық және саяси серіктестіктің одан әрі нығаюына мүдделі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ҚХР-ның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі қызметіне белсене қатысып келе жатқанына тоқталды, сондай-ақ 2014 жылы мамырда Шанхайда өтетін АӨСШК-нің алдағы саммитіне дайындықтың деңгейі жоғары екенін айтты. Чен Гопин өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді және Қазақстан Президентінің Қытайға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы хабарлады.