National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы CNPC корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті

2015 жылғы 31 тамыз

 

Кездесуде  Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа экономикалық жағдайдағы дамуына корпорацияның қатысу мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Республикамыз бен CNPC компаниясының зор ынтымақтастық тәжірибесі бар екенін, осы жылдар ішінде тараптар өзара іс-қимылдың ауқымды базасын қалыптастырғанын айтты.

Компанияның мұнай-газ  нарығына қатысуы – біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыздың басты тармақтарының бірі. Сіздің корпорация көмірсутегін өндіру, тасымалдау және өңдеу саласында жұмыс істейді. Биылдан бастап CNPC-дің Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына кіруінің де маңызы бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті корпорацияның қатысуымен елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларға тоқталды.

Қашаған кеніші игеріліп, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылуда. Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтары кешені, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры салынуда. Бұл жобалар зор маңызға ие және бүгін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздеріміздің арқауы болады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев корпорацияның шикізат секторынан басқа салада да бай тәжірибесі бар екенін айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы CNPC-ді Астанада құрылуы жоспарланып отырған халықаралық қаржы орталығының жұмысына да белсене қатысуға шақырды.

Соңында Қазақстан Президенті CNPC-дің озық технологиялар әзірлеудегі қызметіне жоғары баға берді және осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге мүдделілік білдірді.

Ван Илинь Қазақстан нарығында жұмыс істеген 20 жыл бойы компанияға қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің