National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұнайгаз кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2012 жылғы 27 қыркүйек

Кеңеске Премьер-Министр С.Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы К.Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ Президенті Л.Қиынов және Қазақстанның «Атамекен» ҰЭП Президиумының төрағасы Т.Құлыбаев қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының еліміздің мұнайгаз кешенін дамыту және ағымдағы міндеттер бойынша нақты шешімдер әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

- Бүгін газ өңдеу зауытының құрылысы және Қарашығанақ кен орнынан еліміздің орталық өңірлеріне газ құбырын тарту мәселелері, сондай-ақ Ресейден мұнай тасымалдау және Павлодар мұнай өңдеу зауытына жеткізу мәселелерін қарастыруымыз керек. Мен сіздерден, нақты учаскеге қойылған адамдардан, мұнайгаз секторының мәселелерін шешудің нақты және анық жолдарын естігім келіп отыр. Бүгінгі таңда осы саладағы кейбір мәселені мемлекет басшысы деңгейінде шешуге тура келуде, әйтсе де, бұл - сіздердің құзыреттеріңіздегі мәселе. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қашаған кен орнын игеру жөніндегі жобаны әзірлеу мәселесін жете зерттеу маңызды, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.     

Қазақстан Президенті кеңестің қорытындысы бойынша мұнайгаз саласындағы бірқатар ағымдағы мәселелерді шешу және бұдан бұрын алға қойылған міндеттерді орындау жөнінде нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің