National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

2013 жылғы 24 қыркүйек

Отырыс басталар алдында оған қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті бір минут үнсіздікпен еске алды.

– Өткен соғыстың батыры, нағыз жауынгер. Тәуелсіздік жылдары ол бізбен бірге болды және өз Отанын сүйетін, еңбексүйгіштігімен, табандылығымен, ержүректілігімен ерекшеленген адам ретінде халықтың есінде қалды. Өмірлік тәжірибесімен біздің жас буынды тәрбиелеуге болатын жалпыхалықтық маңызы бар тұлғадан айрылдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Отырыста геосаяси ортадағы өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның даму стратегиясына және ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту шараларына қатысты мәселелер қаралды.  

Қазақстан Президенті қазіргі әлемде қауіпсіздікке төнген қатердің азаймай отырғанын атап өтті. Олардың қатарында терроризм, әлеуметтік кикілжіңдер, жалғасып жатқан экономикалық тұрақсыздық бар. Осы орайда Мемлекет басшысы әлемдегі ахуалды ұдайы назарда ұстап, жағдайға орай ұлттық қауіпсіздік жүйесіне жедел түзетулер енгізу және бейімдеу үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша Президенттің көмекшісі Е.Қазыханов, Президенттің көмекшісі – Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаров сөз сөйледі.

Отырыстың қорытындысында Қазақстанды өңірлік өзгерістер мен жаһандық ахуалға бейімдеуге, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені мақұлданды. Атап айтқанда, бірқатар институттық, нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру шаралары көзделіп отыр.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің