Мемлекет басшысы Қазақстан халқы және жеке өз атынан жолданған құттықтауында бұл жеңіс Д.Руссеффтің қоғамдағы беделінің, сондай-ақ Бразилияны әлеуметтік-экономикалық дамытуды және оның халықаралық аренадағы орнын нығайтуды көздеген саясатын қолдаудың жарқын дәлелі екенін атап өткен. «Қазақстан мен Бразилияның арасындағы достыққа негізделген өзара тиімді ынтымақтастық бұдан әрі де екі мемлекет халықтарының игілігі үшін дами беретіндігіне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Д.Руссеффке мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметінде табыс, ал достас Бразилия халқына татулық пен бақ-береке тіледі.