National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

КСРО халық артисі және Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі Роза Жаманованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхаты

2013 жылғы 27 желтоқсан

 

Мемлекет басшысы Роза Үмбетқызының бүкіл шығармашылық өмірін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрына арнаған айтулы өнер иесі екенін атап өткен.

«Ол әсем дауысының арқасында отандық және әлемдік опералық туындылардың басты арияларының көбін үлкен шеберлікпен орындап, өнерсүйер қауымның шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. Гастрольдік сапарларға шығып, алыстағы ауылдар мен шетел сахналарында да ән шырқады. Сонымен қатар, Консерваторияда дәріс оқып, лайықты ізбасарларын даярлады. Өз өнерімен және еңбегімен ел құрметіне бөленіп, кезінде КСРО және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталды», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Роза Жаманованың есімі мен өнері әрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап өткен. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің