Жеделхатта Д.Досжанның табиғи дарынымен жастай көрініп, әдебиет майданында тынбастан, өнімді еңбек етіп келгені атап өтілген. «Оның қаламынан туындаған әңгімелер мен хикаяттар, романдар оқырмандарын тілінің шұрайлылығымен, ұлттық бояуының қанықтығымен баурайтын», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы жазушының еңбегі әр жылдары әдебиет саласындағы жоғары мәртебелі сыйлықтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталғанына да тоқталған. Нұрсұлтан Назарбаев қаламгердің үздік шығармалары әрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап өткен.