National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны Инна Лапшинаның хаты

2015 жылғы 16 шілде

 

Инна Лапшина өз хатында Мемлекет басшысына еліміздегі сот істерінде әділеттілік пен шынайылықты қамтамасыз етуге жағдай жасалғаны үшін алғыс айтқан.

«Мен – біреулер тарапынан ұлыммен араласу бақытынан айыруға әрекет жасалған анамын. Облыстық сот 8 шілде күні ата-аналық құқығымды қалпына келтіру жөніндегі шешімді жария еткенде қуанышымда шек болмады. Өмірдегі ең қымбат нәрсеге – өз баласын тәрбиелеу бақытына қайтадан қол жеткізген ана ретінде Сізге зор ризашылық білдіргім келеді», – делінген хатта.

Сонымен қатар, автор хатта Қазақстанның және өз отбасының болашағын  тек Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміменен байланыстыратынын айтады.

«Сіздің дана басшылығыңызбен біздің елде бейбітшілік пен тыныштық орын алып отыр. Ұлым Валераның нағыз патриот болып ержетіп, елге пайдасын тигізетініне сенімдімін», – делінген хатта.

Соңында И.Лапшина Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт тілеген.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің