Авторлар бұл форум жұмысына 500-ден астам делегат – 10 мыңнан аса адам жұмыс істейтін 200-ден астам отандық компания өкілдері қатысқанын мәлімдеген. «Форум деңгейі ірі компанияның бірінің жергілікті жеткізушілермен өзара қарым-қатынасын талқылау шеңберінен асып түсті. Бұл кездесу жалпы республикалық диалог алаңына айналды, оның басты мақсаты – Қазақстандағы шағын және орта бизнеске жүйелі әрі тиімді қолдау көрсету, оны әртараптандыру», – делінген хатта. Хат соңында Отандық өндірушілер форумына қатысушылар Мемлекет басшысына қазақстандық үлесті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірген. «Біз бұл бастамаға салалық ведомстволар мен ірі компаниялардың орасан мол күш-жігері жұмылдырылғанын түсінеміз және өз тарапымыздан қазақстандық өндірушілерге артылған сенімді ақтауға дайынбыз», – деп атап өткен авторлар.