National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандықтардан әйелдер үшін зейнет жасын ұзартудың бастапқы мерзімін ауыстыру туралы шешімге қолдау білдірген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

2013 жылғы 22 маусым

 

Өз хатында «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының ұжымы Мемлекет басшысына елдегі зейнетақы жүйесін реформалау мәселесіне ерекше назар аударғаны үшін ризашылықтарын білдірген.

Хат иелері ұжымның 70 пайызын күн сайын нан-тоқаш өнімдерінің түр-түрін шығарумен айналысатын әйелдер құрайтынын атап өткен.

«Комбинат және оның филиалдары атынан Сізге зейнетақы реформасы туралы заң жобасына қатысты түрлі көзқарасқа жан-жақты талдау жасау негізінде қабылдаған шешіміңіз үшін алғысымызды айтамыз», – делінген хатта.

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Ж.Әпетова да әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуды 2018 жылға ауыстыру туралы шешім үшін алғысын жеткізген.

«Бұл шешім Сіздің көрегендігіңіздің дәлелі болып саналады, өйткені ол уақытқа дейін Үкімет зейнет жасына таяған әйелдер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралардың барлық қырын жан-жақты қарастырады», – делінген хатта.

Алматының тұрғыны Н.Қуанған өзінің биылғы 8 наурызда Халықаралық әйелдер күніне орай өткен Президентпен кездесуге қатысушылардың бірі екенін жазады. Ол бұл оқиға өзі және отбасы үшін өте маңызды екенін атап өткен.

«Жас болғаныма қарамастан, мені еліміздегі зейнетақы жүйесіне жаңа реформа жасау мәселесі толғандырды. Алайда, Сіздің Қазақстан халқына Үндеуіңізді теледидардан естіген соң, аталған заң жобасын қайта қарау туралы қабылдаған шешіміңізге шын жүректен алғыс айтқым келеді»,– делінген хатта.

Өз кезегінде Алматы облысының тұрғыны О.Барибеков зейнетақы реформасының кейбір қырына қатысты Мемлекет басшысының халыққа Үндеуін көпшіліктің жақсы қабылдағаны туралы жазады.

«Тәуелсіздік жылдары халқымыздың бойында Сіздің ойыңызды алдын ала сезіп-болжайтындай қабілет қалыптасты деп санаймын. Өз көшбасшысының көрегендігі мен даналығына тағы да көз жеткізген халық Сіздің шешіміңізге зор қанағаттанушылық танытты», – деп атап өтілген хатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің