National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Лондон Олимпиадасы ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен хат келді

2013 жылғы 11 наурыз

 

Хатта Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының спортты қолдауға бағытталған саясатының арқасында Қазақстан табысты спорт державасына айналғаны атап өтілген. Оған Лондон Олимпиадасының нәтижесі айқын дәлел, онда еліміз жалпы командалық есеп бойынша сенімді түрде 12-орынды иеленді.

Авторлар Қазақстан Президентінің жетістіктің жоғары көрсеткішін ұстап тұру қажеттігі туралы сөзін де еске алады.

Олимпиадашылар өздерінің 1 наурызда Теміртауға ­­­– Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған қалаға барғандықтарын мәлімдейді.

«Біз Сіз еңбек жолыңызды бастаған домна пешінде болдық. Металлургтердің ауыр еңбегі Олимпиада алдындағы күн сайынғы жаттығулар тәрізді көрінді» деп атап өтеді хат иелері.

Хатта Президенттің «Олимпиададағы табыстарымыз стадионға жүздеген болашақ чемпиондарды жинауға тиіс» деген сөзі келтірілген.  

Авторлар Мемлекет басшысының қолдауымен отандық спортта жаңа жеңімпаздар пайда болатынына сенім білдірді.

«Біздің спорттық жетістіктеріміз ­– ата-аналарымыздың дара жеңісі, барша қазақстандықтардың жеңісі, әрине, Сіздің де жеңісіңіз.  Біз бәріміз Қазақстан туы астындағы бір командамыз. Тек күшті және ұйымшыл команда ғана табыстарға жетеді» делінген хатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің