National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысы, Шиелі ауданының бір топ ардагерінен хат келді

2012 жылғы 19 қазан

 

Ардагерлер өз хатында Елбасының тапсырмасына сәйкес Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобалардың іске асырылуы еліміздің экономикалық өркендеуін жаңа деңгейге көтергенін атап өткен. «Өйткені, бұл бағдарлама халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етіп отыр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет шетелдік ірі компаниялар мен отандық бизнес өкілдеріне мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнес саласының қарқынды дамуына жағдай жасап келеді. Мысалы, 2008 жылдың қаңтар айында Жезқазған қаласында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру» жөніндегі форумда Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік салаға қаржы бөліп, оның дамуына үлес қосатын кез келгенін айтқан еді. Президенттің осы бастамасы бүгінгі күні өз жемісін беріп, бизнес өкілдері тарапынан кеңінен қолдау тауып отыр» деп жазады хат иелері.

Одан әрі хатта: «Қызылорда облысының әкімдігі мен «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ арасында «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы меморандумға» қол қойылып, компания тарапынан Шиелі ауданында нақты жобалар жүзеге асырылуда. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Елбасының тапсырмасымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін» арттыруда «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ президенті В.Школьник Шиелі ауданының жұртшылығымен бірнеше мәрте кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірімен таныс болды. Соның нәтижесінде бұл уақытқа дейін көп іс атқарылды», - делінген ұжымдық хатта.

Атап айтқанда, 2007-2010 жылдары Шиелі ауданында 200 орындық «Арман» мәдениет үйі, №127 орта мектеп ғимараты, көп қабатты тұрғын үйдің қараусыз қалған пәтерлері күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ, 280 орындық «Айналайын» балабақшасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 50 орындық мектеп-интернат пайдалануға беріліп, басқа да түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылған. Осы атқарылған шаралардың нәтижесінде қосымша 300-ден аса жұмыс орны ашылған. Жалпы алғанда, 2007-2010 жылдары ұлттық компания әлеуметтік жобаларға 2,5 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Ал 2010-2012 жылдары Көкшоқы ықшамауданында 150 орындық стадион құрылысы, Майлытоғай ауылында жобалық құны 30 миллион теңгеге жуық жер асты ұңғымасы пайдалануға беріліп, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымын ұлттық компания басшылығының терең түсініп, Елбасы бастамасына кеңінен қолдау көрсетіп, іс жүзіне асырғандығының нақты жемісі.

Хат иелері бұл табыстарға Президент жүргізіп отырған сарабдал саясаттың арқасында қол жеткізілгеніне тоқталып өтіп, Елбасының еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып келе жатқан қызметіне мол табыс тілейді.

Ұжымдық хатқа Шиелі ауданының ардагерлері С.Оразымбетов, П.Архабаев, Қ.Сүгірбаев, Ө.Исаханов, Ж.Ахметов, А.Ешпанов, С.Сәрсенбаев, Ж.Баетов, С.Аманжолов және Б.Медетбеков қой қойған.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің