National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына "Астана" баскетбол клубының ұжымынан хат келді

2012 жылғы 12 қыркүйек

Хатта Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде зор табыстарға қол жеткізгені атап өтілген. Сол табыстар қатарында біздің спортшылардың спорт әлемінде мемлекеттің беделін жоғары деңгейге көтеретін және Қазақстан жастарына үлгі болатын жетістіктерін айтуға болады.

«Сіздің қолдауыңыздың арқасында Қазақстан үшін 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиялық ойындар зор салтанатпен аяқталды. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміз алғаш рет өте жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 12-орын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер елімізге өз Отанының нағыз батырлары болып оралды және еңбектеріне қарай марапатталды» деп жазады авторлар.

«Астана» баскетбол клубының ұжымы Қазақстан Президентін елдің 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиялық ойындардағы жетістіктерімен құттықтайды.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан спортын дамытуда Сіздің көрсеткен қолдауыңыз үшін білдіріп отырған алғысымыз бен құрметімізді қабыл алыңыз. Біз Сіздің нақты басшылығыңызбен кез келген биікке қол жеткізетінімізге шын пейілімізбен сенеміз» делінген хатта.        


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің