Облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық қорық-мұражайының директоры Н.Зайцев, облыстық кітапхана директоры Х.Ақжігітова, Абай атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының директоры А.Азаматов және басқа да авторлар әлеуметтік жаңғыртудың жалынды сөз ғана емес, қарапайым адамдардың өмірлік мүдделеріне қатысты нақты практикалық міндеттерді шешудің жолы екеніне тоқталады. «Кез келген жаңғыртудың негізі – инновациялық бағыт. Қазіргі заман жағдайында жаңа өнім, жаңа технология және заманауи құрылғы-жабдықсыз бәсекеге қабілеттілік туралы сөз қозғау мүмкін емес. ЮНЕСКО мәдениеттің инновация мен дамудың теңдессіз қайнар көзі екенін баса айтады. Сондықтан жаңғырту міндетін технологиялық инновацияларды енгізу арқылы шешу мәдениет саласындағы стратегиялық міндет болып саналады». Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және өнер қайраткерлері Мемлекет басшысының заманауи өнерде қазіргі заманғы еңбек адамының жағымды бейнесін қалыптастыру жөніндегі идеясына қолдау білдіреді. «Бұл – кәсіпқойлықты, адалдықты және патриотизмді ардақтаудың нағыз қарапайым, сондай-ақ, өте тиімді тәсілі. Қазіргі шығармаларда ойдан шығарылған кейіпкерлер көп. Жас буын еліктейтін жағымды, нағыз үлгі боларлық үлгі – адал еңбекпен күн көрген қарапайым жандар образын жасау керек» делінген хатта. Хат авторлары Қазақстанды дамыту үшін өздерінің бар білімін, күш-жігерін, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін жұмсауға дайын екендіктерін жеткізген.