National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты келіп түскен хаттар мен құттықтау жеделхаттары

2015 жылғы 01 мамыр

 

Қазақстан Президенті атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық және отандық компаниялардың басшыларынан, өнеркәсіп, қаржы, білім, мәдениет саласының өкілдерінен, сондай-ақ қарапайым азаматтардан құттықтау хаттар легі жалғасуда.

Мәселен, Дүниежүзілік туристік  ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаи Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі жаңа президенттік мерзім кезінде ұйым мен Қазақстанның арасындағы тығыз әрі достық қатынастарды әрі қарай дамытуға серпін беретініне сенім білдірген.

«Сіздің туризм саласына көрсеткен қолдауыңыз Қазақстан Үкіметі елді жаһандық туристік аренада мықты брэнд ретінде танытуға айрықша маңыз беретінін аңғартады», – делінген жеделхатта.

ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы С.Лебедев Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы қызметі Қазақстанға саяси және әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірген.

«ТМД-ның бақылаушылар миссиясының басшысы ретінде мен ел азаматтарының басым көпшілігінің Сізге деген сенімі жоғары екеніне анық көз жеткіздім. Алысты көздеген стратегияның жүйелі жүзеге асырылуы арқасында Қазақстан таяу және алыс шетелде мойындалған беделге ие, оның халықаралық аренадағы белсенділігі мен рөлі үздіксіз өсіп келеді», – делінген жеделхатта.

ТМД Парламентаралық ассамблеясының ұжымы мемлекетаралық достық байланыстар мен ұйымға мүше елдердің өзара сенімін нығайтудағы  Қазақстан Президентінің бұдан арғы қызметінің де жаңа табыстармен айшықталатынына сенім білдірген.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Терроризмге қарсы орталығының жетекшісі А.Новиков Қазақстан қоғамының батыл да қарқынды ілгерілеуі, елде кең ауқымды реформалар мен өзгерістердің табысты жүргізілуі, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатының артуы Қазақстан Президентінің есімімен байланыстырылатынына назар аударған.

«Бүгінде Қазақстан – қуатты, өркендеу үстіндегі, тәуелсіз мемлекет, бұл –лайықты түрде нағыз ұлт көшбасшысы мәртебесін өзіңізге алып берген Мемлекет басшысы қызметіндегі Сіздің көпжылдық жемісті жұмысыңыздың нәтижесі», – деп жазылған жеделхатта.

Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Р.Хасанов Қазақстандағы президент сайлауына Түркі кеңесінен қатысқан байқаушылар делегациясы оның ашық және демократиялық нормаларға сай болғанын мойындағанын айтты.

«Сіздің жеңісіңіз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл түркі әлемін қуанышқа бөлеп отыр», – делінген жеделхатта.

Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили Грузия Үкіметі мен жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Қазақстан халқының жеке Сізге көрсеткен жаппай қолдауы – бұл тұрақтылық пен әрі қарай жаңғырудың пайдасына жасалған таңдау. Қазақстан Сіздің дана басшылығыңыз арқылы жаһандық және өңірлік  экономикалық сілкіністердің осы бір күрделі кезеңінде дамудың жаңа биіктеріне шығатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Германияның бұрынғы вице-канцлері және сыртқы істер министрі Г.Вестервелле Қазақстанның табысқа жететініне және Нұрсұлтан Назарбаев қойған ұлы мақсаттарды жүзеге асыратынына сенетінін айтқан.

«Өзіңізге жүктелген теңдессіз міндетті орындау үшін Сізге күш-қуат тілеймін. Сын-қатерлермен күресте баға жетпес даналығыңыз бен беделіңіз, ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз Сізге қолдау болатынына күмәнім жоқ»,  – делінген құттықтауда.

Германияның бұрынғы федералды сыртқы істер министрі Х.-Д.Геншер Нұрсұлтан Назарбаевты қайта сайлануымен құттықтап, Мемлекет басшысы лауазымында батылдық және жаңа табыстар, ал Қазақстан халқына бақытты да тату болашақ тілеген.

Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілген жалпы ұлттық сенім мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты кең ауқымды қолдауға ие екенін көрсетіп, ел Президентінің беделі жоғары екенін тағы да дәлелдегенін айтады.

«Федерация Кеңесіндегілер Қазақстан мен Ресейдің одақтастық серіктестігі мен ықпалдастық іс-қимылын нығайтуға Сіздің қосқан зор үлесіңізді бағалайды. Қазақстан-Ресей көпқырлы ынтымақтастығы, соның ішінде парламенттік деңгейдегі байланыстар алдағы уақытта да достас елдеріміздің игілігі үшін дами беретініне сенімдімін», – деп жазады В.Матвиенко.

РФ Федеральды жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы С.Нарышкин Қазақстан халқы негізінде мемлекеттілікті нығайту мен өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер жатқан ел дамуы бағытының дұрыстығын тағы да қолдағанын айтады. О сондай-ақ ММУ қабырғасында Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяның  екі ел үшін маңыздылығын атап айтқан. 

Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті М.Шаймиев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, бауырлас екі ел арасындағы байырғы тарихи достықты нығайту ісіндегі қолдауы үшін алғыс айтты.

«Сізге Қазақстан халқы айнымай көрсетіп келе жатқан сенім – ел игілігі жолындағы саяси табыстылықтың, экономикалық және қоғамдық қайраткерліктің, өз халқыңыз бен туған жеріңізге әрқашан адал қызмет етіп келе жатқаныңыздың дәлелі», – делінген құттықтауда.

Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров Қазақстан мен Ингушетия халықтарының арасында қалыптасқан бауырластық қарым-қатынастар бұдан әрі де нығайып, дами беретініне сенім білдірген.

«Сіздің сайлаудағы кезекті жеңісіңіз Қазақстан халқының өзіңізге деген нық сенімін көрсетеді, жоғары беделіңіздің, кәсібилігіңіздің және өкілеттілігіңіздің мойындалғанын, биік парыз бен жауапкершілікті айғақтады. Бүгінде республика тұрғындары бейбітшілікке, тұрақтылық пен бақуаттылыққа деген үміттерін Сіздің есіміңізбен байланыстырады және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың жалғасатынына сенеді», – делінген құттықтауда.

Дағыстан Республикасының басшысы Р.Абдулатипов бүкіл дағыстан халының атынан Мемлекет басшысын лауазымына кірісуімен құттықтады. «Сіздің есіміңізбен Қазақстан Республикасының тәуелсіз даму кезеңіндегі мемлекет құрудағы ғажап табыстары, айтарлықтай экономикалық ілгерілеуі мен дамуы, ел азаматтарының әл-ауқатының артуы ажырағысыз байланысты», – деп атап өткен ол өз құттықтауында.

Ресей Федерациясы Тюмень облысының губернаторы В.Якушев Қазақстан Президентін өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, оның нәтижесі ел халқының жоғары сенімінің, мемлекетті дамытудағы еңбегін мойындаудың көрсеткіші екенін атап өткен. «Басшы ретіндегі даналық пен дарын Сізге алда да өз еліңізді өркендетуге көмектеседі, сондай-ақ Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының бұдан әрі нығаюына септігін тигізетін болады», – дейді В.Якушев.

 Астрахань облысының губернаторы  А.Жилкин сайлаушылардың басым көпшілігі арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілген жоғары сенім Қазақстан халқы елдің әрі қарай дамуына қатысты үмітін тек Мемлекет басшысының есімімен байланыстыратындығының айғағы екенін атап өткен. «Біз Сіздің Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сізге Каспий өңіріндегі ынтымақтастықты дамытуға байланысты мәселелерге ұдайы көңіл бөлетініңіз үшін айрықша ризашылығымды білдіргім келеді, бұл өңірде Астрахань облысы үшін Қазақстанмен шекаралық ықпалдастықтың көптеген бағыттары бар», – деп жазады автор.

Мемлекет басшысының атына құттықтауын жолдаған Пенза облысының губернаторы В.Бочкарев те Қазақстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тілеген. 

Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев Қазақстан Республикасының игілігіне жұмсалған күш-қуат пен мақсаткерлік ел халқының өсіп-өркендеуі мен бақуат тұрмысына орасан зор үлес қосқанын атап өткен.

«Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Сіздің жетекші әрі көшбасшы ретіндегі биік беделіңізді,  сондай-ақ Сіздің басшылығыңызбен ел көптеген жылдар бойы жүріп келе жатқан бағыттың дұрыстығын тағы да қуаттады. Біз қалыптасқан жақсы және сындарлы қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз, оның болашақта нығайып, дамуына үміт артамыз», – делінген жеделхатта.

Кемеров облысы губернаторының міндетін атқарушы А.Төлеев Қазақстан халқының Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауы Қазақстанның қарқынды әрі үдемелі даму жолымен ілгерілеуіне, демократиялық құқықтық мемлекеттілікті және ұлтаралық келісімді жетілдіруіне септесетінін атап өткен.

«Біздің елдеріміздің халқы ең ізгі үміттері мен мұң-мұқтажын байланыстырып отырған еуразиялық интеграцияны нығайту жөніндегі Сіздің мызғымас ұстанымыңыз айрықша алғысқа лайық», – деп жазады А.Төлеев.

 

Моңғолияның Баян Өлгей аймағының губернаторы Х.Дәрмен Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегін жоғары бағалайтынын айтқан.

«Тәуелсіз Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жаңа биіктерді еңсеріп, әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

«Роснано» ААҚ басқармасының төрағасы А.Чубайс сайлау нәтижесі республика халқы тарапынан Мемлекет басшысына деген жоғары сенімнің даусыз дәлелі екенін айтады.

«Русал» компаниясының президенті О.Дерипаска Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси басшылығының жаңа кезеңі институциональдық реформалар жүргізу, Қазақстан экономикасын әртараптандыру, әлеуметтік міндеттерді орындап, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына тезірек ену жөніндегі өршіл жоспарларды орындау ісіне бұрынғыдан да тереңірек ден қоюға мүмкіндік беретінін айтады.

«Қазақстанды тәуелсіз, егемен мемлекетке айналдыру жөніндегі көпжылдық ғаламат жұмысты атқара отырып, Сіз ұлт көшбасшы атану құқығына әбден лайық бола алдыңыз», – делінген хатта.

Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы  директорлар кеңесінің төрағасы Чжоу Цзипин Қазақстан Президентінің екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастыққа көңіл бөліп, жан-жақты ықпал еткендігінің арқасында елеулі нәтижелерге қол жеткізілгенін айтады.

«Қазақстандық серіктестерімізбен бірлесе отырып, біз алда да елдеріміздің экономикалық дамуына лайықты үлес қосу және екі халықтың әл-ауқатын артыту ісіне барлық күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз», – деп жазады автор.

«Шеврон» корпорациясының бас атқарушы директоры Д.Уотсон Қазақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа деген стратегиялық көзқарасы мен елдің үздіксіз өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі алысты көздеген жоспарларын толық қолдайтындарын айқын ұғындырғанын айтады.

«Біздің компания Қазақстан Республикасымен орнатқан серіктестігімізді жоғары бағалайды. Біз үшін елдің энергетика саласын дамытуға және  Қазақстанның – әлемді мойындатқан мемлекеттің экономикалық ілгерілеуіне ықпал ету зор мәртебе әрі артықшылық болып саналады», – делінген құттықтауда.

Немістің  «Rheinmetall» компаниясының басқарма төрағасы Армин Пеппергер ұжымның және жеке өзінің атынан Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтайды.

«Сіздің ұзақмерзімді болашақа межеленген елді жаңғырту жөніндегі стратегиялық жоспарларыңызды қолдай отырып, біз Қазақстанның өнеркәсіптік және мемлекеттік ұйымдарымен қарым-қатынастарымызды одан әрі дамыта беретінімізге қуаныштымыз», – делінген жеделхатта.

«Spring Singapore» компаниясының төрағасы Филипп Йео сайлаудың керемет нәтижесі Қазақстан халқының өз Президентінің көшбасшылығына деген зор сенімін көрсететініне назар аударған.

Швейцариялық «Mountain Partners» компаниясының бас директоры К.Берш өз құттықтауында елді өркендеуге бастап келе жатқан тағдыршешті шешімдері үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдіреді.

 «Банк ВТБ» ААҚ басқармасының президент-төрағасы А.Костин ұжымның және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Мемлекет басшысы лауазымына сайлануымен құттықтаған.

«Сіздің жоғары мемлекеттік лауазымдағы серпінді әрі жемісті қызметіңіз, саяси даналығыңыз бен тәжірибеңіз елді әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында кең ауқымды қолдауды қамтамасыз етеді. Сізге мықты денсаулық, күш-қуат, оптимизм тілеймін, ел игілігі жолындағы жасампаз жұмысыңыз  жемісті болсын», – делінген құттықтауда.

«Ротшильд Европа» банкінің вице-төрағасы К.Мангольд Нұрсұлтан Назарбаевтың тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін тұрақтылық пен сабақтастықтың кепілі болып саналатынын атап өткен.

«Сіздің тұлғалық болмысыңыз бақуаттылықтың, Қазақстан халқының пайдасы үшін үздіксіз өсіп-өркендеудің нышанын аңдатады. Сайлаудың адам таңғаларлық нәтижесі халқыңыздың Сізге және бүкіл Қазақстанның орнықты да табысты болашағын қамтамасыз ететініңізге қаншалықты риясыз сенетінін көрсетеді», – делінген хатта.

«Дойче Банк» басқарушы директоры, Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі бас атқарушы директоры П.Тильс сайлау нәтижелері Мемлекет басшысы  жүргізіп отырған саясатты халық кеңінен қолдайтынын көрсеткеніне тоқталған. 

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері бұрынғысынша елді әлеуметтік-экономикалық дамуға, халқының рухани саулығын қамтамасыз етуге бағытталатынына сенім білдірген.

«Қазақстанның саясатында этносаралық және конфессияаралық дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруға айрықша орын берілгені қуантады, – деп жазады автор.

Бас мүфти, Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының төрағасы Т.Таджуддин Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңғыру деңгейі жағынан көшбасшылар қатарына қосылғанын атап өткен.

«Сіздің дәстүрлі бауырластық пен ынтымақтастықты, этносаралық және конфессияаралық байланыстарды нығайтуға, елдеріміздің рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау ісіне қосқан үлесіңізге баға жетпейді», – делінген жеделхатта.

Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы  Р.Гайнутдин де қазақстандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімі оның Қазақстанның даму бағытын анықтап, қоғам мен мемлекеттің қол жеткізген елеулі табыстарына берілген жоғары әрі әділ баға екеніне сенім білдірген.

Жылы лебізді құттықтау Ресей көркемөнер академиясының президенті З.Церетелиден келіп түсті.

«Даусыз беделіңіз, биік кәсіби деңгейіңіз, сарқылмас күш-қуатыңыз, сондай-ақ орасан мол саяси және өмірлік тәжірибеңіз Сізге ауқымды мемлекеттік міндеттерді табысты іске асыруға мүмкіндік береді. Тамаша дипломат, тәжірибелі басшы және мәдениеті жоғары адам ретінде Сіз ХХІ ғасырдың күрделі проблемаларын шешу ісіне зор үлес қосып келесіз», – делінген жеделхатта.

С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің ректоры В.Малышев Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген табыстары бүкіл әлемде зор құрмет пен  ризашылық сезімін тудырып отырғанына тоқталған.

«Кинематография мен білім беру саласында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың дамуына көңіл бөліп отырғаныңыз үшін мен ресейлік кинематографист ретінде Сізге зор ризашылығымды білдірмей тұра алмаймын. Сізге шын жүректен мықты денсаулық, мемлекеттік қызметіңізге  жаңа табыстар, ал Қазақстан халқына күш-қуат пен бақ-береке тілеймін», – деп жазады автор.

Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий жеке өзінің және ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтаған.

«Сіздің сапарларыңыз пен сөздеріңіз университет тарихына алтын әріптермен жазылған. Біз сіздің ММУ-ге деген көзқарасыңызды жоғары бағалаймыз және оның төрінен Құрметті доктор әрі профессор – Сізді көруге әрқашан ықыластымыз», – деп жазады автор.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Испания Корольдігінің экс-Премьер-Министрі Х.Аснар, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Ю.Федотов, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Э.Өмірәлиев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті Т.Миров, Моңғолия бейбітшілік және достық ұйымының мүшелері, Германия бундестагының депутаты Ф.Миссфельдер құттықтауларын жолдады.  

Жылы лебізді хаттар мен құттықтау жеделхаттары Ресей Федерациясынан: Ресей ғылым академиясының президенті В.Фортовтан, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Ресей Ұлттық комитетінің төрағасы В.Архиповтан, Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының президенті, Ресей балалар қорының төрағасы А.Лихановтан, Халықаралық ақпараттандыру академиясының президенті В.Набатниковтан, Халықаралық инженерлік академияның президенті Б.Гусевтен келді.

Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының бірінші орынбасары О.Лебедев, Халықаралық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер конгресінің президенті В.Глухих, Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналыс-құрылтайының депутаты М.Васильев, Мәскеу қаласындағы «Қазақ күресі» федерациясының президенті В.Резанов, Ресей техникалық жоғары оқу орындарының тарих пәні оқытушылары, Мемлекет басшысының Мәскеудегі курстастары мен оқытушылар, Троицк қаласынан  Резановтар отбасы, Краснодар өңірі Иванов селосының тұрғыны Р.Панченко Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдаған.

***

Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың ұжымы нақ Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік қызметінің арқасында Қазақстан бүкіл әлем даусы жеткен көпұлтты заманауи мемлекет болып отырғанын атап өткен.

«Біз Сіз үшін, елдің дамуы мен  игілігі жолындағы Сіздің ғаламат еңбегіңіз үшін орасан қуаныш пен мақтаныш сезіміне бөленіп отырмыз. Мемлекетіміз Сіздің басшылығыңызбен дамып келе жатқан кезде қазақстандықтар өз болашағына сеніммен қарайтын болады», – делінген хатта.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлері сайлау нәтижесі тағы да халықтың өз Президентіне деген жоғары сенімі мен қолдауының айғағына айналғанын айтады.

«Біздің бәріміз мемлекет бағытының нәтижесін көріп отырмыз. Бұл – бірлік, тұрақтылық, келісім, өсіп-өркендеу және болашаққа ұмтылыс. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Республикасы салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында сыртқы саясат саласында елеулі жетістіктерге жетіп, халықаралық қоғамдастықтың беделді әрі жауапты мүшесіне айналды», – делінген құттықтауда.

Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының мүшелері сайлаушылардың таңдауы халықтың өз Президентіне деген шексіз сүйіспеншілігі мен ғаламат сенімін көрсетіп отырғанына тоқталады.

«Сіздің арқаңызда Қазақстан танымастай өзгерді. Сіз елді даналықпен, байыпты әрі сенімді түрде тұрақтылық жолымен бастап келесіз. Жалғыз дұрыс жол – осы. Көрші елдерде саяси дағдарыс дендеп тұрған кезде тұрақтылық аса маңызды. Соның арқасында біздің еліміз бабаларымызға арман болған биіктерге қол жеткізді», – делінген құттықтауда.

«Қазмырыш» компаниясының мыңдаған адамдық ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаудың мүмкіндігі туғанына аса қуанышты екендерін айтады.

«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының күрделі кезеңінде уақыт сынынан өткен Сіздің халықпен етене бірлігіңіз тамаша нәтижелерге жеткізді. Сіз қазақстандықтардың білім алуы, денсаулығы, рухани-адамгершілігі мәселелерін үнемі назарда ұстадыңыз. Қазақстан халқы Мәңгілік ел идеясының рухани қуатына сүйене отырып, әрі қарай ілгерілеуге және татулық пен қоғамдағы келісімді сақтауға деген ұмтылысын тағы дакөрсетті», – деп жазады автор.

 «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1»  ЖШС жұмысшылары Мемлекет басшысын кезектен тыс сайлаудағы жарқын жеңісімен құттықтады. «Біз Сіздің жеңісіңіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңін сипаттайтынына сенімдіміз», – деп жазады авторлар.

Алматы қаласындағы локомотив пайдалану депосының көпұлтты еңбек ұжымы өздерінің құттықтау хатында бүкіл тәуелсіздік жылдары бойы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүріп өткен жолдың қуатты және өркендеп келе жатқан мемлекетті құрудың жолы екеніне назар аударған.

Алматы қаласынан «Рахат»  АҚ еңбек ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын жеңісі халықтың өз көшбасшысына қалтқысыз сенетінінің айғағы екенін айтқан.

«Дауыс беру қорытындылары сіз жүргізіп отырған саясатты жалпы халықтың қолдайтынын тағы да көрсетті. Біз еліміз Сіздің басшылығыңызбен кез келген қиындықты еңсеріп, бұдан да зор табысқа жететініне сенімдіміз», – делінген хатта.

 «Modern Media Group» ЖШС өкілдері қазақстандықтардың таңдауы ұлттың, ел мен әлемдегі адамзаттың игілігіне бағытталғанын атап өткен.

«Мұндай тұтастық демократияның, адалдықтың, ашықтықтың әрі жаңа жеңістерге қатысты үлкен жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып саналады. Халық өз Президентін жақсы көреді, оған бақыт, денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық тілейді. Қазақстанның жеңісті бағдары Сізбен бірге ғана мүмкін болады», – делінген хатта.

Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды дамытуға баға жетпес үлес қосқанын, сол үшін де  ел азаматтары президенттік сайлауда оған дауыс бергенін айтады.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мемлекеттің білім беру саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын, соның арқасында оқу орындары айтарлықтай табыстарға жетіп жатқанын айтқан.

«Болашақта институционалдық реформаларды жүзеге асыру аясында елдің ғылымы мен білімі бұдан да жоғары деңгейге көтерілетініне сенімдіміз», – делінген құттықтауда.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен студенттері Қазақстанның әлемге достық пен өзара түсіністіктің, тұтастық пен бірліктің отаны екенін тағы да танытқанына тоқталған.

«Біз Сізді президенттік сайлауда бірауыздан қолдадық, өйткені Қазақстанның жаңа биіктерге шығуын тек Сіздің есіміңізбен байланыстырамыз», – деп жазады авторлар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Қазақстанның тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда жеткен табыстарының бәрі Мемлекет басшысы қызметінің жемісі екеніне тоқталған.

Атырау мұнай және газ институтының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері өткен президенттік сайлау аға буымен мен жас буынға бірдей маңызды екенін, оның барысында Нұрсұлтан Назарбаевты халық бір ауыздан қолдағанын айтады.

А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің ұжымы Елбасының басшылығымен  мемлекетіміз халықаралық аренада, экономикалық дамуда, республикадағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуде табысқа жеткенін атап айтқан.

«Евразия» халықаралық экономикалық академиясының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жол ел экономикасын дамудың жаңа белесіне алып шығарына сенім білдірген.

«Бүгінде біз болашаққа батыл жоспарлар құрып жатырмыз. Сіздің бүкілхалықтық мандатыңыз Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін нығайтып, оның әлеуеті мен интеграциялық рөлін әлемдік кеңістікте толықтай пайдалануға мүмкіндік береді», – деп жазады авторлар.

Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний  діни басқарманың және Орал епархиясының өкілдері атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік лауазымға қайта сайлануымен құттықтап, мықты денсаулық тілеп, Қазақстанды табысты басқаруына ниеттестік білдірді.  

Ардагерлердің республикалық ұйымының төрағасы Ө.Озғанбаев  Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы жеңісі Мемлекет басшысының бірлікті, экономикалық тұрақтылық пен тыныштықты, ұлтаралық  және дінаралық келісімді сақтауға бағытталған саясатына берілген жоғары баға екенін айтады.

Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Жаркент қаласынан Жамбыл атындағы орта мектептің ұжымы, Елбасының Алматы облысы Қарасай ауданындағы мұғалімдері мен сыныптастары да хат жолдаған.

Сондай-ақ Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, жазушы С.Досанов, Алматы қаласынан жазушы Ш.Кұмарова,  Астана қаласынан Социалистік Еңбек Ері Б.Шүкірбеков, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан «Абай» журналының бас редакторы М.Оспанов, Ұлттық ғылым академиясының академигі Б.Жұмағұлов, Шымкент университетінің  профессоры Н.Өткелбаевтан да құттықтау хаттары келіп түсті.

Осындай жылы лебізді хаттар Шығыс Қазақстан облысы Шемонаих ауылынан тыл ардагерлері Никитинадан, Дрючинадан, Федоровадан және  Бородинадан, Алматы облысы Жайнақ батыр ауылынан О.Байтоғаевтан, Қызылорда облысы Қазалы қаласынан З.Баймахановадан,  Алматы қаласынан Ж.Дәрібаевадан,  Астана қаласынан Н.Черпоковадан, Қарағанды қаласынан Б.Ахметов және Шымкент қаласынан О.Көшекбаевтан келді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің