National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының атына Алматы облысының шағын және орта бизнес өкілдерінен хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

2014 жылғы 15 сәуір

 

Өз хаттарында кәсіпкерлер Мемлекет басшысына «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны, оған сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий жарияланғаны үшін алғыстарын білдірген.

Кәсіпкерлер Палатасының Сарқанд ауданы бойынша филиалының директоры Ф.Абдрахимов жоспарлы тексеріс тәжірибесі алынып тасталғаны және бизнесті жүргізуге жасалған нақты көмек үшін ризашылығын білдіреді.

Кәсіпкер С.Махаметова бизнеске көрсетілген қамқорлық үшін алғыс айтады.

«Бұл – бар күш-жігеріңді толығымен бизнесті дамытуға жұмсайтын кезең, өйткені тексеріс кезінде талап етілетіндей көптеген қажетті құжаттарды жинақтауға уақытымыз кетпейді», – деп жазады автор.  

Өз кезегінде Қ.Шеңгелбаев Мемлекет басшысының Жарлығы отандық бизнестің ішкі және сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетінін атап өткен.

Сондай-ақ, өздері жолдаған хатта шағын және орта бизнес үшін жағдайдың ұдайы жақсарып келе жатқанына облыс кәсіпкерлері Ж.Кабиев, С.Базарбаев, Е.Нұрдәулетов, С.Қалиева, А.Кеңес, А.Байболова, М.Ескендірова, Ә.Дайырбекова алғыстарын айтқан.       


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің