National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясының өтуіне байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар

2014 жылғы 01 мамыр

 

Мемлекет басшысының атына елдің түрлі өңірлері азаматтарынан  Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясынан алған әсерлерімен бөліскен, жүргізіліп отырған татулық пен келісім саясатына қолдау білдірген, сондай-ақ Мемлекет басшысын және барлық отандастарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаған хаттар келіп түсті.

Қазақстанның орыстар, славяндар және казактар ұйымдарының қауымдастығы төрағасының орынбасары А. Котенёв ҚХА-ның XXI сессиясы бұдан арғы жұмыс үшін жігер бергенін атап өтті.  

– Сіздің «біз бәріміз – біртұтас қазақ халқының әртүрлі әрі тең балаларымыз» деген сөзіңіз менің жүрегіммен үндесе кетті, – деп жазады автор.

Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясына алғаш рет қатысқан Славян этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары В. Жаринов өз хатында сессия «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы аса маңызды фактор  ретінде тарихта қалатыны туралы пікірін білдірген.

Сессияға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы П.Исламов та өз кезегінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға, соның ішінде әлеуметтік жобалар арқылы да қолдан келгенінше үлес қосуға әзір екенін айтқан.

Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясына өзінің алғашқы қатысуынан алған әсерлерімен Павлодар облысындағы «Буковина» Румын мәдени қоғамы» ҚБ төрағасы А. Дяк та бөліседі.

– Сессияда қазақстандықтардың әрқайсысы ел тағдырына, ортақ шаңырағымыздағы татулық пен келісімді қамтамасыз етуге, өз халқымыздың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін жаңғыртуға жауапты екенін айрықша сезіндім, – делінген хатта.

Қарағанды облысындағы «Lituanica» литва этно-мәдени бірлестігінің төрағасы В.Тварионас Қазақстан халқы ассамблеясы бірлігіміздің іргетасы екенін, ал әрбір сессия азаматтық қоғамды дамытудың жаңа кезеңі болып саналатынын атап өткен.

– Мен ассамблея жұмысын, оның маңызы мен мәнін жеке өзіме және айналамдағы қазақстандықтарға қатысты бағалаймын. Сіздің жолыңыз бізді халық бірлігін сақтауға деген зор құлшыныс арқылы қоғам мен мемлекетті дамытудың дұрыс бағытына бастап келе жатқанына сенімдімін, – делінген хатта.

Чехтардың  ақтөбелік мәдени-ағартушылық орталығының жетекшісі В.Пэстру дәл осы ҚХА сессиясы  тәрізді ауқымды шараларда елдің қаншалықты байтақ екенін, этностар мен мәдениеттердің әралуандығын сезіну мүмкіндігі туатынын атап өткен.

 – Қазақстан халқы ассамблеясы мәдениеттер диалогының бірегей еуразиялық үлгісі болып отыр. Қазақстан жаһандық конфессияаралық диалогтың орталығына айналды. Біздер, ҚХА мүшелері, республика өміріне белсене қатысу мүмкіндігі үшін Сізге ризамыз,  –  деп жазады авторлар.

Тараз қаласынан «Алтын алқа» иегері А.Дүйсенбекова Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясын өз отбасымен бірге үлкен ықыласпен көргенін айтқан. Ол форумның салиқалылығын, ондағы жарқын сөздер мен жылышырайлы ахуалды айрықша атап өткен.

ҚХА мүшесі С.Вишняк айтқандай, Мемлекет басшысы ассамблея сессиясында көптің көңіліндегі ең жылы және ізгі сезімдерді қозғап, олардың көкейіне татулық, тыныштық және тұрақтылыққа деген үміт ұялатты.

– Сіз Қазақстанның, Қазақ даласының осында өмір сүріп жатқан баршамыздың мейірбан Отанымыз екенін тағы да нықтай түстіңіз, - деп жазады автор.

Павлодар облысынан ағылшын тілінің мұғалімі Ю.Отт өзіне Мемлекет басшысымен бір сахнада бірге болу және әңгімелесу мүмкіндігі бұйырғанын еске алады.

– Өткен сессия еліміздегі ең жарқын шаралардың бірі болды деп санаймын.  Бір шаңырақ астында барлық ұлттар мен этностар өкілдері бас қосып, достық, бірлік туралы айтты, ұмытылмас сәттерді бастарынан өткерді. Менің ойымша, Қазақстан қоғамы өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді, мен оның бір бөлшегі екенім үшін бақыттымын, – делінген  хатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің