National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің хаты

2015 жылғы 25 ақпан

 

Қазақстандық спортшы өз хатында Мемлекет басшысына таяуда өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай жолдаған жылы лебізі мен тілегі үшін алғыс айтады.

«Мен туған елімді халықаралық аренада танытып, Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай болатынын бүкіл әлемге көрсете отырып, айрықша мақтаныш пен патриоттық, жауапкершілік сезімдеріне бөленем. Еліміздегі бокс пен спортты дамытуға қарапайым үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша отандастарымызға қуаныш сыйлау, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным үшін шынайы бақыттымын», – делінген хатта.

Г.Головкин хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың және барша қазақстандықтардың тарапынан көрсетілген қолдау оның жеңіске деген жігерін нығайта түсетінін атап өткен. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің