Автор өлеңіне Елбасының БҰҰ Бас ассамблеясы мінберінде мемлекеттік тілде сөйлегенін арқау еткен. Ол әлем елдері бас қосқан алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаевтың аса маңызды ұсыныстары мен ой-тұжырымдарын қазақ тілінде жариялап, халқымыздың мәртебесін биіктеткеніне сүйсінеді. Сондай-ақ ақын Қазақстан Президентінің осы арқылы барша қазақстандықтарға үлгі-өнеге көрсеткенін айтқан. «Ана тілдің жетпесек қадіріне, Қазақ болып қайтеміз күн кешіріп», – деп толғанған А.Мұхибек осылайша Мемлекет басшысының қазақ тіліне деген айрықша құрметін айшықтаған.