National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалиннің хаты

2014 жылғы 09 желтоқсан

 

Автор өз хатында Қазақстан Жазушылар одағының және республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің 80 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өткенін, оған алыс-жақын шетелдерден отызға тарта қаламгер арнайы келгенін жазады.

«Мұндай үлкен жиының өтуі – ең алдымен, елдегі тыныштық пен қоғамдағы түсіністіктің, барша халықты бір мұратқа жұмылдырып отырған тұңғыш Президентіміз – Сіздің айрықша еңбегіңіз. Той төрінен көрінген шетелдік меймандар Қазақстандағы татулықты, бірлікті, рухани кеңістікке, сол санатта әдебиетке көрсетіліп жатқан қамқорлықты жоғары бағалады», – делінген хатта.

Ол сондай-ақ Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатына тоқталып, қаламгерлер қауымы Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойын сол келелі әңгіменің жалғасындай қабылдағанын айтады.

«Ұлытау сұхбаты бүгінгі қазақ елінің тағдырын, тіліміздің, дініміздің, жеріміздің тұтастығына қатысты тереңнен толғап, ұлтты ұйытар, өзін өзі сақтауға жұмылдырар, мемлекет ретінде бағыт-бағдарымызды анықтауға жетелер тарихи толғаныс болды», – деп жазады Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы.  

Соңында Н.Оразалин ұлт руханиятының дамуын үнемі назарда ұстап келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірген. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің